Ресейде көлік өндірісі екі есе қысқарды
Ресейде жүк көлігі мен тракторлардың өндірісі екі есе қысқарды. Былтыр осы айда 17 мыңға жуық техника шығарылса, биыл шілдеде 8 мыңға әрең жеткен. Елде жүк көлігін шығаратын 12 компания жабылып қалды. Санкцияның салдарынан тек жеңіл автомобиль өндірісі ғана емес, ірі жүк көлігін шығару да қиынға соғуда. Оның үстіне Ресейде жүк көлігі мен трактор бағасы да 50 пайызға қымбаттаған. Мамандар бұл экспорт пен импортқа кері әсерін тигізетінін айтады.
Аркадий Злочевский, сарапшы:
Қазірдің өзінде сыртқа экспорт қысқара бастады. Оның ішінде астық, яғни бидайды шетелге жөнелтуге квота жетпей жатыр. Бұл әрине баға саясатына кері әсерін тигізеді, сонымен қатар, астықты өзімізде жинауға мүмкіндік береді.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16