Қостанай облысындағы Октябрь ауылы халқы 1 млн теңге қарыз
Қостанай облысындағы Октябрь ауылы тұрғындарының суға қарызы 1 млн теңгеден асып кеткен.
Алайда халық бұл соманың қалай, қай уақытта жиналғанын білмей дал. Айтуларынша, мамандар ауылға келіп, төлем жинауды бірнеше жыл бұрын тоқтатыпты.
Кәрима Егізбек, Октябрь ауылының тұрғыны:
Біз төлеп тұрдық. 3-4 жыл келмеді. Содан кейін мамырдың басында келді, қағаз әкелді, бізге айтты «төлеңдер, төлемесеңдер, айыппұл болады», - деді. Сосын айдың аяғы ақша түсті, біз төледік. Жарыққа шот келеді, онлайн төлейміз. Көрсеткен жоқ ештеңе, әйтпесе солай төлер едік.
300-ден аса тұрғыны бар елді мекенге жалғыз су колонкасы осыдан 8 жыл бұрын жеке кәсіпкердің көмегімен қойылған. Бір жылдан соң аудан әкімдігінің қарауына өтіп, коммуналдық ұйымның жауапкершілігіне тапсырылды. 2018 жылы 66 үй келісімшартқа отырған. Оның отыз бірі бүгінде 1 млн 300 мың теңге қарыз. Бұл соңғы 3 жылда жиналған сомма.
Елена Чжин, коммуналдық ұйымның абонент бөлімінің басшысы:
3 айда бір бақылаушылар келіп, үй-үйден төлем жинайды. Іссапарға шыққанымызды көрсететін құжаттарымыз бар. Кейде адамдар үйлерінде болмайды. Енді қыркүйек айында келіп, жеке шоттарын алмаған тұрғындарға таратып береміз. Ол арқылы банк қосымшасы арқылы төлеуге болады.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16