Ел бюджеттінің 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған
Ел бюджетінің 40 пайызы әлеуметтік салаға бағытталған. Бұл мемлекет қазынасы үшін үлкен жүктеме. Премьер министрдің орынбасары Ермек Көшербаев Қызылорда облысында әлеуметтік салаға бөлінетін қаржыны тиімді пайдалану тақырыбында республикалық семинар-кеңес өткізді. Жиынға облыстардан 300-ден аса атқарушы орган басшылары мен Мәслихат депутаттары қатысты.
Елімізде көмекке мұқтаж азаматтарға мемлекеттен түрлі әлеуметтік қолдау көрсетіліп келеді. Бірақ табыс көзін жасырып жәрдемақы алу үшін құйтырқы әрекетке баратындар аз емес. Биыл аудиторлық тексерудің нәтидесінде біраз заңсыздықтар анықталған. Сондықтан бюджеттен бөлінген қаржы нағыз тұрмысы төмен отбасылардың қолына тиюуі керек.
Ермек Көшербаев, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:
Бөлінген қаражатты нақты істерге жұмсап, оны пайдаланатын адамдардың санатын айқындап, тікелей соларға жеткізуіміз қажет. Басқаша болмайды. Бұл тәжірибе алдағы уақытта да жалғасын табады.
Семинар-кеңесте Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова салаға цифрландыру жүйесін енгізудің маңызына тоқталды. Әсіресе, Қызылорда облысында бұл оң нәтижесін берді. Мәселен, жеке балабақшаларға «Face бақылау» мобильді жүйесі енгізілгелі 41 млрд теңге қаржы үнемделген. Яғни, бала санын артығымен көрсету фактілері тыйылған.
Мұрат Әбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл қаржы бұрын босқа жұмсалып келген. Оны бақылауға алып, талап қоя отырып, ұрлықтың жолын кесіп, тексеріп, басқа бағытқа тиімді пайдалану – дұрыс тәжірибе деп санаймын.
Алдағы уақытта өңірлерде әлеуметтік төлемдер базасына жіті тексеру жүргізілмек. Яғни, бақылау күшейіп, заңсыз жәрдемақы алып отырғандар анықталады. Ал бюджеттен үнемделген қаржы аймақтардағы әлеуметтік мәселедерді шешуге бағытталады.
Айгүл Дүйсенова, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты:
Ең көп қаржы бөлінетін бағыт – әлеуметтік сала. Сондықтан бұл қаражатты нақты қажеттіліктерге жұмсап, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, спорт, медицина және мәдениет салаларында жаңа нысандар салуға бағыттауымыз қажет.
Әлеуметтік салаға бөлінетін қаржы қысқармайды. Ең бастысы қаржының әр тиыны мақсатты жұмсалып, халық игілігін көруі тиіс деді Үкімет басшысының орынбасары.
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
