Үкімет ауыл-аймақты дамытудың тұжырымдамасын бекітті
Биыл өңірлердің орнықты әрі теңгерімді дамуын қамтамасыз етуге бағытталған «Ауыл аманаты» жобасына 50 млрд теңге бөлінді. Алдағы үш жылда шамамен 450 млрд теңге қарастырылмақ. Қаржы есебінен ауылдағы бизнесті қолдауға бағытталған 25 мыңнан астам жоба қаржыландырылады әрі кемінде 30 мың жұмыс орны ашылады. Үкімет ауыл-аймақтың экономикалық әлеуетін ашу және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мақсатында 2030 жылға дейінгі өңірлік даму тұжырымдамасын бекітті. Құжат аясында елдімекендердің әлеуметтік, инженерлік және көлік инфрақұрылымына қол жеткізудегі теңсіздіктерін азайтуға ерекше көңіл бөлінеді.
Бауыржан Омарбеков, Ұлттық экономика вице-министрі:
Ауылдық аймақтарды дамытуда барлық мемлекеттік шаралар белсенді іске қосылады. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде 2019-2024 жылдары аралығында 701 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат 6 мыңнан аса әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамытуға бағытталды. Биыл да бұл жұмыс жалғасын табады.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16