Елісхан Әліпұлының туғанына - 110 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елісхан Әліпұлының туғанына - 110 жыл

02.11.2018

Азаттық үшін алысып өткен Алтайдағы қазақтардың қилы өмір тарихы әлі толық зерттеліп біткен жоқ. «Азаттық аңсаған қазақ көші және ел бастаған Елісхан» атты Алматыда өткен алқалы жиында жазушы Жәди Шәкенұлы осыны айтты.

Қаламгердің сөзінше, Кеңес кезінде жарық көрген шығарманың көбісі коммунистік цензураға ұшыраған. Сондықтан, ақиқаттан алыс. Ғылыми конференцияда жазушының «Ел бастаған Елісхан» деректі зерттеулер кітабы мен «Бозмұнар» романының тұсауы кесілді. Оның кітаптары түркі тілдеріне аударылды. Ал, ел-жұртын зұлымдықтан құтқару жолында жан аямай арпалысқан күрескер тұлға Елісханның соңында тұяқ қалмаған. Бірақ ұлт қаһарманы, небәрі 35 жасында опат болған батырдың артында ұрпақ қалмаса да, еңбегін бағалаған елі Алматыда ас берді. Себебі, биыл Елісхан Әліпұлының туғанына - 110 жыл.

Жәди Шәкенұлы, жазушы:

- Ел бастаған Ел сықаның ерлік іздері Халифа Алтайдың еңбектерінде, «Қаралы көш» кітабында тілге тиек етіледі. Бүгінгі конференцияда да халыққа танымал көптеген ғалымдар баяндама жасайды деп күтілуде. Бүгінгі келіп жатқан қонақтардың өзі Түркиядан, Моңғолиядан, басқа да Еуропа елдерінен, Қытайдан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатыр.

 

Руслан ҚОСАНОВ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу