Биыл жылу желілерін жөндеуге 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген
Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңірлерге көмір мен мазутты уақытында жеткізуді ескертті. Тапсырманы Энергетика министрлігі Қазақстан теміржолы компаниясымен және өңірлердің әкімдіктерімен бірге орындауы тиіс. Жауаптылар арнайы кесте бекітіп, халықтың көмірмен қамтамасыз етілуін бақылау қажет.
Самал Қабышева, тілші:
Биыл жылу желілерін жөндеуге және реконструкциялауға 130 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген. Бұл бағытта 323 шақырым жылу желілеріне күрделі жөндеу және реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Үкімет отырысында мәлімдеді. Министр мәлім еткендей, бүгінгі таңда жұмыстың 66%-ы аяқталған. Ал әлеуметтік нысандардың 90%-дан астамы жылыту маусымына дайын. Проблема да жоқ емес. Қарыз көлемі артуда. Мәселен, энергия өндіруші ұйымдар ҚазТрансГаз-Аймаққа 17 млрд теңге қарыз.
Сұңғат Есімханов, Энергетика вице-министрі:
17 млрд теңгенің ішінде ағымдағы қарыздар да бар. Негізгі газ мәселесі бойынша берешек, ол бізде Маңғыстау, басқа өңірлерде газбен істейтін электростанциялар берешегі. Ол тиісті кесте бойынша жабылады деген жоспар бар. Қазір тарифке осы қаржыларды қостық. Екіншіден, бұл мекемелердің алдында да тұтынушылардың қарызы бар. Ол қарыздарды осы мекемелер заңды түрде алғаннан кейін ол берешектер жабылып жатады.
Самал Қабышева, тілші:
Жылыту маусымына дайындық жоспарға сай жүріп жатыр. Электр станцияларында 10 энергия блогына, 63 қазандық және 39 турбинаны жөндеу жоспарланған. Қазір басым бөлігінде жұмыстар аяқталған. Энергетика министрі электр желілерін жөндеу уақытылы аяқталады деп уәде берді.
Самал Қабышева
Автор
Самал Қабышева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Kcell абоненттерінің 40 пайыздан астамы 5G жылдамдығын пайдаланады
21.10.2025, 20:28

Келесі жылы ұялы байланыс тарифі қымбаттауы мүмкін
21.10.2025, 20:26
Қостанайда КІА Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:22
Елімізде KIA Qazaqstan зауыты іске қосылды
21.10.2025, 20:19
Әзербайжан - Қазақстанның сенімді стратегиялық серіктесі
21.10.2025, 20:16
Ташкентте денсаулық сақтау саласына арналған форум өтті
21.10.2025, 20:14
«Қайрат»-«Пафос» ойыны: Қанша жанкүйер жиналды?
21.10.2025, 20:12
«Қайрат»-«Пафос»: Спорт сарапшыларының болжамы қандай?
21.10.2025, 20:09