Үржардағы апат: Балалардың жағдайында өзгеріс жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Үржардағы апат: Балалардың жағдайында өзгеріс жоқ

25.08.2025

Үржардан Семей медицина университетіне жеткізілген 9 жастағы қыз баланың жағдайы әлі ауыр. Дәрігерлердің айтуынша, ол қазір команың үшінші деңгейінде, жасанды тыныс алу құрылғысына қосылған. Сенбіден бері интенсивті терапия жүргізіліп жатыр. Ал Астанаға санавиациямен жеткізілген балалардың жағдайы тұрақты. Көпсалалы қалалық №2 балалар ауруханасының дерегінше, 6 жастағы ұл бала травматология бөлімінде ем жалғастыруда. Оның 9 жастағы әпкесі әлі жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы жақсарса, ота жасау жоспарланып отыр дейді аурухана дәрігерлері.

Еске салайық, жантүршіктірер жол апаты тамыздың 19-ы күні болды. Жеңіл көлік есік алдында ойнап жүрген 6 баланы қағып кетті. Үшеуі сол күні қайтыс болды. Үшеуі жансақтау бөліміне түскен еді.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу