Отандық электр жабдықтарына сұраныс жоғары
Қазақстанда жасалған электр жабдықтары Қырғызстан мен Тәжікстанға экспортталады. Өндіріс ошағы қуаты 27 киловаттан асатын электр трансформаторлық подстанцияларын әзірлейді.
«Аврора» холдингі бұдан бөлек химиялық құралдар мен металл құрылымдар өндірісін де жолға қойған. Бүгінде бірлескен кәсіпорындарда 2 мыңнан астам адам еңбек етеді. Олар әзірлеген тауар Еуразиялық ресурстар тобына жөнелтіледі. Бұл халықаралық ұйым Африка елдері мен Бразилияда пайдалы қазбаларды өндірумен айналысады. Кәсіпорынның ендігі жоспары – өндіріс көлемін ұлғайту. Ол үшін 150 адамды жұмыспен қамтитын цех салып жатыр. Құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.
Ғалымжан Жексембиев, кәсіпорын басшысы:
Қырғызстан, Тәжікстанға экспорт жасаймыз. Импортқа келер болсақ, Қытай мен Ресей, Еуропа елдерінен микропроцессор технологияларын аламыз. Бренд толықтай Қазақстандыкі, өнімнің жергілікті компоненттерінің үлесі 70 пайыздан басталады. Қалған заттар Қазақстан бойынша сатып алынады.
Нұрдәулет Сыздық
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16