Өзбекстанда кейбір тауарға экологиялық салық енгізіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда кейбір тауарға экологиялық салық енгізіледі

25.08.2025

Өзбекстанда кейбір тауар түрлеріне экологиялық салық енгізіледі. Бірінші кезекте батареялар мен аккумуляторларға, радиоактивті ластануға әсер ететін өнімдерге салынады.

Сондай ақ бұл тауарлардың қатарына шиналар мен резеңке түтіктер, түрлі қаптамалар, шыны бұйымдары кіреді. Жобаны жүзеге асыруда мамандар 15 түрлі өнімге тоқталды. Олар «ерекше назар аударуды» қажет ететін тауар ретінде қарастырылады. Себебі қоршаған ортаға тигізетін зияны көп. Мұндай алымнан түскен қаражат қалдықтарды қайта өңдейтін кәсіпорындар салуға жұмсалмақ. Экологиялық салықтан бөлек, ел билігі тауар өндірушілерді қоқысты қайта өңдеуге міндеттеуді жоспарлап отыр. Соңғы жылдары көрші елде қалдықтан пайдалы шикізат өндіру жұмыстары күшейді. Былтыр 300 мың тоннадай тұрмыстық қалдық қайта өңделді.

Искандер Қутбидинов, Өзбекстан экология министрінің орынбасары:

Жасыл энергия, қоршаған ортаны қорғау жайы ең басты назарда. Бұл бойынша кәсіпкерлерді ынталандыру қолға алынған. Келешекте жасыл жобаларды дамытқан нысандарға субсидия беру қарастырылып жатыр. Экологиялық проблемалар шекара талғамайды, тек біздің ел емес, бүкіл Орталық Азия мемлекеттері қоршаған ортаны қорғауда күш біріктіргені абзал.

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу