Израиль әуе күштері Йемендегі алты адамды мерт қылды
Израиль әуе күштері Йемен астанасы Санаға соққы беріп, 6 адамды мерт қылды. Тағы 86 тұрғын жараланған. Бұл шабуыл йемендік хуситтер еврей мемлекетінің аумағына зымыран жаудырғаннан кейін жасалып отыр.
Израиль армиясы Араб түбегіндегі елдің әскери нысандарымен бірге президент сарайын, екі электр станциясын және отын қоймасын нысанаға алған.
Айта кетсек, хуситтер жұма күні Израильге баллистикалық ракеталарды Газа секторындағы палестиналықтарды қолдау ретінде жіберген. Осындай мақсатпен ираншыл жасақтар 2023 жылдан бері Қызыл теңізде бірнеше рет сауда кемелерін атқылағаны белгілі.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03