Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрда Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған кеш өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрда Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған кеш өтті

24.10.2018

Алаштың Ахаңы. Қалибек Қуанышбаев атындағы драма театрда Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығына арналған рухани-тағлымды кеш өтті. Іс-шара «Ұлт қайраткері» атты сахналық қойылыммен басталды. Онда Ахмет Байтұрсыновтың қазақ жерінің тұтастығын сақтаудағы жанкештілігі мен ел болу жолындағы ерлігі көрсетілді. Сондай-ақ, келушілер ғұмырнамалық бейнесюжетті тамашалап, ұлт ұстазының шер мен сырға толы өмірінен хабардар болды. Тағлымды шараға жастардан бөлек, ахметтанушы ғалымдар мен Ахаңның ұрпақтары қатысты.   

Азамат Нұрланұлы, Ахмет Байтұрсыновтың туысы:

- Абайды тану қазақты тану дейді. Сол сияқты Ахаңды тану да қазақты тану болып келеді. Себебі, Ахаңның салып кеткен сара жолы, берген тәрбиесі, жазып кеткен тіл құралдары, мұның барлығы ұрпақ үшін маңызды дүние. Сол себепті, бүгінгі шара жастар үшін өте маңызды. 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу