Мыңнан аса қазақстандық жалған инвестицияның құрбаны болды
Биыл 6 ай ішінде 11 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелген. Шетелдік нөмірмен хабарласқан қаскөйлерді байланыс операторлары бұғаттауға тырысады. Осының арқасында шамамен 67 миллион қоңырау тоқтатылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлап отыр. Сондай-ақ күмәнді брокерлік компанияларға, жалған инвестициялық жобаларға ақша салып, алданғандар бар. 1 мыңнан аса қазақстандық осындай схеманың құрбаны болды. Бұның алдын алу үшін мамандардың ескертуін тағы еске саламыз. Онлайн-саудада алаяқтарға алданбас үшін тауарды алғаннан кейін ғана төлем жасау қажет. Банктен, құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардан WhatsApp арқылы хабарласқан болса, сенбеңіз. Шетелдік нөмірлерден сақ болыңыз.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16