Investment Forum 2025: ЖИ – экономика трансформациясының драйвері - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Investment Forum 2025: ЖИ – экономика трансформациясының драйвері

22.08.2025

Қостанайда инвестициялық форум өтіп жатыр. Іс-шара барысында мемлекеттік ұйымдар мен бизнес, ІТ-сарапшылар бас қосып, жасанды интеллектінің экономикаға әсерін талқыламақ. Форум басынан әріптесім Мәдина Нағашыбай толғырақ баяндайды. 

Мәдина Нағашыбай, тілші:

Өңірде мұндай форум осымен үшінші мәрте өтіп жатыр. Бұған дейінгі шаралар аймақтың инвестициялық имиджін қалыптастыруға бағытталған еді. Құны 440 млрд теңге болатын түрлі жобаны іске асыру туралы келісімдер жасалды. Ал енді бүгінгі пленарлы отырыста ЖИ мен жоғары технологиялардың экономикаға әсері талқыланды. Оның ішінде агроөнеркәсіп, мал шаруашылығы мен түрлі өндірісте жасанды жады қолданудың пайдасын спикерлер алға тартты. Жиынға ірі ІТ және телекоммуникация компанияларының басшылары, инвесторлар мен кәсіпкерлер, сарапшылар қатысып жатыр. Солардың бірі Еуро Одақтың Қазастандағы елшісі Алешко Симкич.

Алешка Симкич, Қазақстандағы еуропалық одақ елшісі:

Әлемде жасанды интеллект қарқынды дамып жатыр. Оны бақылау мен реттеу ЕуроОдақ пен Қазақстан үшін бірдей маңызды. Сондықтан біз 4 бағыт бойынша жұмыс істейміз. Оның ішінде ауылшаруашылық саласы екі тарапқа да өзекті. Бірлесе жақсы нәтижеге қол жеткіземіз деген үміттеміз.

Мәдина Нағашыбай, тілші:

Сарапшының айтуынша, ЖИ тек жоғары технологиялар ғана емес, бұл тұтас қоғамның өзгеруі және ЕуроОдақ елдері мен Қазақстан негізгі 4 бағыт бойынша жұмыс істейді. Ол ғылым-білім, мемлекет істерін басқару және ең бастысы агроөнеркәсіп салалары. Сондай-ақ бүгін отырыстан кейін көпбейінді ХҚКО ашылады. Енді тұрғындар үшін түрлі мемлекеттік қызмет бұрынғыдан да қолайлы болмақ.

Мәдина Нағашыбай

Хабарламаларға жазылу