Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына оқ атқан Ернар Жиембай 9 жылға сотталды
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасаған Ернар Жиембай 9 жылға сотталды. Ол енді жазасын орташа қауіпсіздік деңгейіндегі түзеу мекемесінде өтейді.
Прокурор Жиембайды 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айыруды сұраған. Үкім бойынша сотталушы жәбірленушіге 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 117 960 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Естеріңізге сала кетейік, 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында Берденовке қарсы оқ атылып, ол ауыр жарақат алған еді.
Әбинұр Қарабаев, судья:
Жиембай Ернар Жиембайұлы ҚК 24-бабы 3-бөлігі арқылы қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылықтар белгілерімен кінәлі деп танылсын. Оған осы бап бойынша 9 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16