Алматыда шетелде таныстыру үшін Қазақстан тәуелсіздігі жылдарындағы проза және поэзия жанрындағы әдеби шығармаларды іріктеу жөніндегі сарапшылық топтың отырысы өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының аясында «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» атты арнайы жобасын Қазақ ғылыми-зерттеу мәдениет институтының ғалымдары іске асырмақшы.
Іріктеудің нәтижесінде, елге белгілі қабырғалы қаламгерлердің таңдамалы шығармалары Біріккен Ұлттар Ұйымының 6 тіліне аударылады. Сондай-ақ, 25 автордың кем дегенде 40 еңбегінен тұратын жинақ шығады.
Сәкен Сыбанбай, Сарапшылар тобының мүшесі:
- Алғашқы антологияның екі томы осы кезеңдегі қазақ поэзиясы мен прозасының үздік үлгілерін алып отыр. Болашақта Абай, Мағжан, Қасым поэзиясы, Аймауытов, Әуезов, Мүсірепов прозасы да аударылатын болады деп ойлаймыз.
Алмат ӘБДІРАМАН
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.