Астық экспорты айтарлықтай артқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астық экспорты айтарлықтай артқан

20.08.2025

Қазақстан сыртқа сататын астық көлемін айтарлықтай арттырды. Биыл бидай экспортының көлемі 55 пайызға өсіп, 9,8 миллион тоннадан асты. Бұл шетелдік нарықта Қазақстанның астығына деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Қазақ бидайын импорттайтын негізінен Орталық Азия елдері – Өзбекстан, Тәжікстан мен Қырғызстан. Сондай-ақ бұл тізімге Ауғанстан, Иран мен Әзербайжан кіреді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, көршілес Өзбекстанға экспортталған астық былтыр 2,75 миллион тонна болса, биыл 3,7 миллион тоннаға жеткен. Яғни, 34 пайызға көп. Қырғыз еліне астық жеткізу екі есеге өскен. Былтыр сатылған бидай көлемі 131 мың тонна болса, биыл 262 мың тоннадан асқан. Тәжікстанға жөнелтілген астық 1,4 миллион тоннаны құрап, 46 пайызға артқан. 

Базаркүл Отыншиева

Хабарламаларға жазылу