Абай облысында жол апатынан үш бала қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Абай облысында жол апатынан үш бала қаза тапты

20.08.2025

 Абай облысы Үржар ауданына қарасты Бестерек ауылында ауыр жол апаты болды. Жеңіл көлік үй маңында ойнап жүрген 6 баланы қағып кеткен. Аудан әкімдігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, 2017, 2022, 2023 жылғы 3 бала оқиға орнында қаза тапты. Қалған 7-9 жас аралығындағы балалар түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген. Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota» маркалы автокөлікті басқарған 55 жастағы жүргізуші рөлді игере алмай,  үй қақпасының алдында ойнап жүрген бір топ баланы қаққан. Полиция жол апатына байланысты қылмыстық іс қозғады.

Ернар Базаров, облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары:

Жүргізуші ұсталып, Үржар ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Медициналық сараптама оның есірткі мен ішімдік қолданбағанын көрсетті. Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Мемлекет басшысы Бестерек ауылындағы жағдайға байланысты арнайы тапсырма берді. Қорғаныс министрлігінің С-295 әскери-көліктік ұшағы Үржар ауданына жөнелтілді. Бортта реаниматолог, нейрохирург және травматологы бар мамандандырылған медициналық бригада жарақат алған балаларға көмек көрсетуде.

Ернұр Медет

Хабарламаларға жазылу