Берденов ісі: Ертең сот үкім шығарады
Шымкент қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Берденовке қастандық жасау ісі бойынша ертең сот үкімі шығады. Айыпталушы Ернар Жиембай бүгін соңғы сөзін айтты. Ол өз кінәсін ішінара мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады. Алайда Берденовке нақақтан тиіспегенін жеткізді. Әрі сотта болған іске саяси реңк бермеуді және жазасын жеңілдетуін сұрады. Сотталушы жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіргенін мойындады. Сот үкімі ертең сағат 12-де жарияланбақ.
Ернар Жиембай, сотталушы:
Аса қатаң жаза тағайындамауыңызды сұраймын, құрметті сот! Жасаған ісіме өкінемін. Ешбір азаматқа қолдарыңызға қару алмаңыздар, аңшылыққа бармаңыздар деп айтар едім. Жасаған ісімді басыммен көтеремін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16