Алматы кәсіпкерлері салық мөлшерлемесін азайтуды өтінді
Алматыда бір топ кәсіпкер үй жанындағы дүкендерге салынатын салық мөлшерлемесін төмендетуді сұрады. Олардың сөзінше, 4 пайыздан 2 пайызға дейін түсірмесе барлық дүкен жабылуы мүмкін. Себебі қазірдің өзінде осындай 5 мың сауда нүктесінің бір жарым мыңы банкрот болған. Осы мәселені бүгін кәсіпкерлер Парламент Мәжілісінің депутаты Айтуар Қошмамбетовпен бірге талқылады. Депутат қала әкімімен кездесіп, ұсынысты жеткізген. Шаһар басшысы қолдағанымен, бұл нарыққа және тауар бағасына қалай әсер ететінін жан-жақты зерттеу қажет,-дейді Айтуар Қошмамбетов.
Айтуар Қошмамбетов, Мәжіліс депутаты:
Бұл бизнестің тиімсіздігін көрсетіп жатыр. Яғни үлкен, ірі желілер ары қарай жұмыс істей береді. Осындай кіші дүкендер жұмысын тоқтатуға мәжбүр болады. Өйткені бағасы да өседі. Жұмысшылардың айлығын төлеу де қиынға түседі. Үйдің қасындағы дүкендерге және жалпы шағын бизнеске жеңілдетілген салықты түсіру. Бұл ұсынысты әкімшіліктер қолдаса, ары қарай мәслихаттың қарауына жіберіледі.
Қуан Нұрақын
Автор
Қуан Нұрақын
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізі мен Жайық өзенінің экологиялық мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:56
5 маусым - Экологтар күні
05.06.2026, 20:54
Солтүстікте агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері талқыланды
05.06.2026, 20:52
«Ауыл» партиясы мен «Ардагерлер ұйымы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
05.06.2026, 20:50
Әскердегі жасанды интеллект: Болашақ сарбазы қандай болады?
05.06.2026, 20:47
Қазақстанға әйгілі Du Soleil циркі келді
05.06.2026, 20:44
«Хезболла» тобы ымыраны қолдамады
05.06.2026, 20:10
Эболадан қаза тапқандар саны 60-қа жетті
05.06.2026, 20:09