ШҚО-да заңсыз алтын өндіргендер ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында бағалы металдарды заңсыз өндіру және жер қойнауын өз бетінше пайдалану фактісі анықталды. Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады. Заңсыз әрекет Ұлан ауданы, Шыбынды өзенінің бойында болған. Күдіктілер лицензиясыз 2 жыл бойы өзен арнасын өзгерте отырып заңсыз алтын өндірген. Кен өндіруде ауыр арнайы техника мен кенді қайта өңдеуге арналған өнеркәсіптік жабдық қолданылған. Салдарынан экологиялық залал 300 млн теңгеден асқан. Тінту барысында құны 382 млн теңге құрайтын 6 кг алтын тәркіленді. Ұйымдастырушы екі ай мерзімге қамауға алынды. Ал тергеу жалғасуда.
Темірлан Нұрсолтан
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» акциясына қатысты
19.09.2026, 21:27
Дүниежүзілік тазалық күні: Еліміз бойынша жалпыхалықтық сенбілік өтті
19.09.2026, 20:30
Астанада тазылар көрмесі өтті
19.09.2026, 19:35
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05