Қостанайда республикалық ақындар айтысы басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда республикалық ақындар айтысы басталды

04.10.2018

«Тобылым-Торғайым, жүректен толғайын» атты жыр додасы Шақшақ Жәнібектің 325 жылдығы, Ақсұл Орысбайқызының 145 жылдығы және Қайнекей Жармағанбетовтің 100 жылдығына арналған. Сондықтан, ақындар өлеңінің өзегі де елдік, бірлік тақырыбында болмақ. Екі күнге созылатын айтысқа 7 жұп қатысады. Олардың бәрі де талай рет аламанға түсіп шыңдалған өнерпаздар. Мұндай  республикалық деңгейдегі жыр сайысы Қостанайда соңғы он жылда өтпеген. Бас бәйгеге жергілікті зауытта құрастырылған автокөлік тігілді. 

Жүрсін Ерман, ақын:

- Қазір Тәуелсіз Ел болғанымызға 25 болды. Әлі қолбайлау боп отырған талай кеселдер бар. Соларды түгендеп айтуда, жақсы ниетпен, қайтіп жақсы ел, ұлт боп ұйысамыз, мәңгілік елдердің қатарына қосыламыз деген ниетпен айтылған жақсы сөз бұл. Айтыстың халықтың рухын көтеретін қабілетін басқа өнер қайталай алмайды.

 

Дәуренбек ӘБДІБЕК

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу