Газада «әл-Жазира» телекомпаниясының 5 қызметкері мерт болды
Израиль әуе күштері Газа қаласының әш-Шифа госпиталіне соққы беріп, «әл-Жазира» телекомпаниясының 5 журналисін мерт қылды. Құрбандардың ішінде әйгілі репортер Анас әш-Шариф те бар. Олар аурухананың қақпасы маңында орналасқан шатырға ракета түскенде опат болды.
Журналистерді қорғау комитеті бұл оқиғаны «қасақана адам өлтіру және баспасөз бостандығына әдейі шабуыл» деп сипаттады. Израиль армиясы болса, Шарифті нысанаға алғанын растап, марқұмды «Хамастың» террористік ұяшығына жетекшілік етті деп айыптады. Бірақ «әл-Жазираның» басқарушы редакторы Мохамед Моавад тілшіге тағылған кінәні жоққа шығарып, Шарифтің Газадағы жантүршігерлік оқиғаларды әлемге жеткізген жалғыз дауыс болғанын мәлімдеді.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16