Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды

07.08.2025

Елімізде шағын және орта бизнесті дамыту бойынша ауқымды жұмыстар қолға алынды. Ұлттық экономика министрлігінің мамандары осылай деп отыр. Былтыр бизнес ахуалды жақсартып, кәсіпкерлерге көрсетілетін қысымды азайту бойынша арнайы заң қабылданған. Оның негізінде кәсіп иелеріне қойылатын 10 мыңнан астам қажетсіз талап алынып тасталды. Өңірлердің ерекшелігіне байланысты мемлекет тарапынан көрсетілетін талап ыңғайланып отырады. Ал белгілі бір нысанға қаржы құйып жұмыс істеп отырған инвесторлардың құқығын қорғау үшін прокурорлық сүзгі механизмі енгізілді. Осылайша 2029 жылға дейін орта бизнестің экономикадағы үлесін 15 пайызға жеткізу туралы Президенттің тапсырмасы уақытылы орындалады деп отыр мамандар.

Шолпан-Сәуле Мұратбек, ҚР ҰЭМ Кәсіпкерлік саясатын дамыту департаментінің басқарма басшысы:

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша қазір белгілі нәтижелер. Шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесі 38,6 пайызды құрайды. Яғни, бұл бойынша біз қарқынды дамытып, межелік индикаторларға жақындап келе жатырмыз. Ал орта бизнестің экономикадағы үлесін дамыту бойынша қазір динамика 7,2 пайыз көрсетеді.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу