Мемлекеттік кірістер комитеті декларациядағы өзгерістерді түсіндірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кірістер комитеті декларациядағы өзгерістерді түсіндірді

07.08.2025

Келесі жылдан бастап, шетелде мүлкі немесе банк шоттары жоқ азаматтар үшін декларация тапсыру міндетті емес. Жалпыға бірдей декларациялау процесіндегі осы және өзге де өзгерістер жайлы Қаржы министрлігінің өкілдері бүгін баспасөз конференциясын өткізді. Биыл 15 шілдеде Мемлекет басшысы Салық кодексіне қол қойған еді. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері құжаттағы декларацияға қатысты түзетулердің негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Мәселен, декларацияланатын активтер тізбесі кеңейтілді, қарыз міндеттемелерін растаудың жаңа нысандары бекітілді. Сондай-ақ мүлік құны мен бағалау мерзімдеріне қойылатын талаптар жаңартылды.

Ерсайын Көптілеуұлы, ҚР ҚМ жеке тұлғалардың кірістерін әкімшілендіру басқармасының бас сарапшысы:

Осы 2025 жылы жалпыға бірдей декларациялаудың шеңберіне төртінші кезеңмен кіру керек болған азаматтарды декларация тапсырудан босату мәселесінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді алғашқы бірінші және үшінші кезеңмен кірмеген азаматтар, яғни олардың шетелде мүліктері болмайтын болса, ол кісілер активтер мен міндеттемелер туралы декларациясын тапсырудан босатылады.

Темірлан Нұрсолтан

Хабарламаларға жазылу