Айшолпанды ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айшолпанды ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы қабылдады

24.09.2018

Айшолпанды ата-жұрты халықаралық жарыстарда қаржылай қолдауға дайын. Моңғолияда тұратын қандасымыз, әлемге әйгілі бүркітші қызбен кездескен Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы осылай деді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында барынша қолдау көрсетілетінін айтқан министр Айшолпан Нұрғайыпқызын қараша айында елімізде өтетін бүркітшілердің жаһандық жарысына шақырды. Ал, Айшолпан мен анасы Алмагүл Көксеген арнайы қабылдап, қонақжайлылық танытқан мәдениет саласының басшыларына ризашылығын білдірді. Жүздесу соңында Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақы қалып сай, Айшолпанға Ipad, ал, анасына камзол сыйға тартты. 

 

Досымжан ЕРМҰРАТ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу