Тайваньда су тасқынынан 4 адам қаза тапты
Тайванның оңтүстігінде төпелеп жауған жаңбырдан су тасып, лай көшіп жатыр. Табиғи апаттан төрт адам қаза тауып, 5900-дан астамы қауіпсіз жерге көшірілді. Тағы үш тұрғын іздестіріліп жатса, 77 тайвандық жараланған. Жаңбыр бүгін саябырсиды деген болжам бар. Бірақ таулы ауданда лай көшкіні қаупі әлі сейілмей тұр. Қазір басқан елді мекендерде құтқару операциялары жалғасып жатыр. Жергілікті метеорологтардың мәліметінше, бір күнде бір жылдың жауыны жауды. Сондықтан жолдар жабылып, кейбір ауылдарға жету қиынға соғып отыр.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елімізде бір жылда 298 медициналық мекеме салынды
22.01.2026, 21:36
«Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының иегерлері марапатталды
22.01.2026, 21:36
«Келешек мектептерінің» 40 пайыздан астамы ауылдық жерде ашылды
22.01.2026, 21:34
«Ақтөбе – Ұлғайсын» төрт жолақты жолының құрылысы 2 жылда бітеді
22.01.2026, 20:46
«Келешек мектептері»: 7 мектепте үш ауысым мәселесі шешілді
22.01.2026, 20:32
Шетелдік сарапшылар: Қазақстанда ауқымды демократиялық реформалар жүзеге асып жатыр
22.01.2026, 20:28
Конституциялық реформа – бетбұрыс кезеңі
22.01.2026, 20:27
Техникалық апатқа байланысты арнайы комиссия құрылды
22.01.2026, 20:19