Йемен жағалауында 60-тан астам мигрант қаза тапты
Йемен жағалауында мигранттар мінген қайық апатқа ұшырап, 68 адам қаза тапты. Су көлігінде 150-ден астам жолаушы болған. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, қайық Абьян провинциясы жағалауында құрдымға кетті. Сол кезде ауа райы нашар болған. 12 адам аман-есен құтқарылды. Қалғандары іздестіріліп жатыр. Халықаралық көші-қон ұйымының дерегіне сай, қаза тапқандардың көбі эфиопиялықтар. Йемен – африкалық мигранттардың Парсы шығанағы елдеріне жұмыс іздеу үшін баратын басты бағытына айналған. Бұл жолда соңғы айларда болған қайық апаттарынан жүздеген адам қаза тауып, кейбіреуі із-түссіз жоғалып кеткен.
Арай Төлегенқызы
Автор
Арай Төлегенқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10