Алматыда жоғалған тікұшақ экипажы әлі табылған жоқ
Алматы облысында жоғалған әскери тікұшақ сынықтарының суреттері жарияланды. Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, әуекемесі бөлшектеніп қалған. 25-шілдеде Сорбұлақ көлінде жоғалған әскери тікұшағының экипаж мүшелері бесінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Қорғаныс министрі жұмыстармен жеке танысты. Әуе қорғанысы күштерінің ақпарынша, көлдің лайлы түбі мен тереңдігінің өзгермелі болуына байланысты операция қиындай түскен. Дегенмен, тәулік бойы жұмыстар тоқтаусыз жүріп жатыр. Оқиға орнына барған министр Дәурен Қосанов жоғалған ұшқыштардың туыстарына моральдық қолдау білдіріп, қолдан келгеннің бәрін жасауға уәде берді. Іздеу жұмыстарына 400-ден аса адам, 70 техника, дрондар мен суасты құрылғылары тартылды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16