Қарағандыда бос тұрған ғимарат құлады
Қарағандыда бос тұрған ғимараттың қабырғасы мен аралық жабындылары құлады. Бұрын банкке тиесілі болған нысан Қазыбек би ауданында орналасқан. Алдын ала болжам бойынша, ғимараттың 150 шаршы метрі қирады. Төтенше жағдай орын алған кезде ішінде 15 жұмысшы болған. Абырой болғанда, құтқарушылар оларды шығарып үлгерді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орны қоршауға алынып, құрылымдардың техникалық жағдайы тексеріліп жатыр. Құлаудың нақты себебі анықталуда.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16