Су саласы қызметкерлерінің жалақысы өседі
1 қыркүйектен бастап су саласында жұмыс істейтін 25 мыңнан астам адамның жалақысы өседі. Су ресурстары министрлігінің мәліметінше, енді өңірге байланысты бұл сала мамандарының табысы орта есеппен 35–50%-ға артып, жылу мен электр энергетикасындағы қызметкерлердің деңгейіне жетпек. Қазір, жылу және электр энергетикасы саласында орташа жалақы – 330 мың теңге. Ал су шаруашылығы саласында – 231 мың теңге. Бұл өзгеріс кадр тұрақсыздығын азайтып, білікті мамандарды салаға тартуға көмектеседі.
Ләззат Жүсіпова, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры:
Су шаруашылығы мамандарының жалақыларын электр және жылу энергетика салаларының жалақы деңгейімен теңестіру мақсатында өткен жылы министрлік табиғи монополиялар туралы ҚР заңына өзгертулер енгізу бойынша жұмыстарды бастады. Ағымдағы жылдың маусым айында заң жобасына Мемлекет басшысы қол қойып, нәтижесінде су саласында жалақыларды көтеруге мүмкіндік алынды.
Динара Жарқынбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ертең футболдан Чемпиондар лигасының финалы өтеді
29.05.2026, 20:55
Павлодарда ретро көліктер көрмесі өтті
29.05.2026, 20:54
Астаналық полицейлер 7 жасар баланы қуантты
29.05.2026, 20:52
Түркияда мал соямыз деп 13 мың адам жараланды
29.05.2026, 20:51
«Таза Қазақстан» акциясы ұйымдастырылды
29.05.2026, 20:50
Студенттер қоқыс полигонының жұмысымен танысты
29.05.2026, 20:48
БҚО-да жылу, су, электр желілері жаңартылып жатыр
29.05.2026, 20:21
Конституция – ел дамуын оңтайландыратын құжат
29.05.2026, 20:20