Қостанайда мас жүргізуші жол апатын жасап, ізін суытпақ болған
Қостанайда мас жүргізуші жол апатын жасап, ізін суытпақ болған. TANK 300 маркалы жол талғамайтын көліктегі 57 жастағы ер адам бағдаршамның қызыл түсін елемей өтіп кеткен. Кейін көлікті басқара алмай, қоршауға соғылып, артынша басқа көлікті соққан. Бір дөңгелегін жоғалтса да, патрульді полициядан қашып құтылмақ болған. Әкімшілік кодекстің төрт бабы бойынша материалдар рәсімделді. Сот шешіміне сай ол 20 тәулікке қамалып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айрылды.
Карина Базарбаева, Қостанай облысы ПД баспасөз хатшысы:
Жолда апаттық жағдай тудыру және бағдаршамның рұқсат етілмеген белгісіне өтіп кету бойынша жеке-жеке 10 АЕК көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар, екінші тарапқа келтірілген материалдық шығынды өтеуі тиіс.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16