Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Руслан Берденовке жасалған қастандық ісі бойынша сот басталды

28.07.2025

Қызметінен кетуі керек болған. Ернар Жиембайдың Руслан Берденовті не себепті атқаны белгілі болды. Шымкент қаласында басталған сот отырысында прокурор Бауыржан Қараманов айыптау актісін оқып, оқиғаның мән-жайын баяндады.

Тергеу дерегінше, қастандық жасауға қызмет барысындағы кикілжің себеп болған. Берденовтің нұсқауымен Жиенбай «Тұрғын үй Шымкент» мекемесінің басшысы лауазымынан өз еркімен кетуі керек деген ақпарат алған. Содан айыпталушы ішімдік ішіп, үйіне барып қару алып, әкімдік алдын торуылдаған. Осылайша, Берденовке аңшы мылтығымен бес мәрте оқ атқан. Ал әкім орынбасары алған жарақатына қарамастан қарсылық көрсеткен екен. Жүргізушісі көлікпен соғып, қылмыстық әрекетті тоқтаты. Айыпталушы тергеу барысында қысымға ұшырағанын мәлімдеді. Ол бұл жөнінде сотқа тиісті дәлелдер ұсынуға дайын екенін жеткізді. Судья Руслан Берденовтің келесі отырысқа өзі қатысуын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол 6 тамызға жоспарланған.

Шерхан Жамбылұлы

Хабарламаларға жазылу