Алматыда жоғалған тікұшақты іздестіру жалғасып жатыр
Алматы облысы аумағында осыдан 3 күн бұрын жоғалып кеткен тікұшақты іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жақындарының амандығына алаңдаған туыстары Төтенше жағдай және Қорғаныс министрлерінен көмек сұрап, іздеу шараларын жеке бақылауларына алуды өтінді. Құзырлы органдар Сорбұлақ су қоймасы маңында іздестіру жұмыстары күні-түні күшейтілген режимде жүріп жатқанын айтады. Ауқымды операцияға 400-ге жуық адам, 70-тен астам техника, 21 жүзу құралы, 10 ұшқышсыз ұшу аппараты тартылған. Тек судың терең әрі лай болуы құтқару қызметіне кедергі келтіріп тұрған қөрінеді. Еске салсақ, 25 шілде күні әскери мақсаттағы EC-145 тікұшағы кенеттен ғайып болған. Содан бері борттағы үш экипаж мүшесінен еш хабар жоқ.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16