Сауда үйлерінде жарты жылда 31 трлн-ға тауар сатылған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сауда үйлерінде жарты жылда 31 трлн-ға тауар сатылған

25.07.2025

Жыл басынан бері саудагерлер жалпы сомасы 31 триллион теңгеге тауар сатқан. Шетелдік компаниялармен келісімдердің арқасында саладағы инвестиция көлемі де 25 пайызға артып, 440 млрд теңгеге жуықтады. Қазір елімізде 750 мыңдай дүкен мен сауда орталықтары бар. Онда 1,5 миллионнан астам адам жұмыс істеп, жалпы ішкі өнімнің 19 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Айта кетсек, елімізде шілденің үшінші жексенбісі, яғни осы апта сауда қызметкерлері күні атап өтілмек. Осыған орай, сауда жүргізіп отырған азаматтарға арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

 Тойгүл Жұбанисова, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі:

Сауда саласы біздің еліміздегі адамдарды жұмыспен қамтып отырған ең үлкен саланың бірі. Жылдар бойы қажырлы еңбек етіп жүрген сауда саласының ардагерлерін, осы салаға еңбегі сіңген ардагерлерді министрліктің арнайы медальдарімен, төсбелгілерімен марапаттаймыз.

Жанель Өтеулі


Хабарламаларға жазылу