Маңғыстауда мектептің төбесі опырылып түсті
Маңғыстауда Құрық ауылында мектеп-гимназияның төбесі опырылып түсті. Оқиға таңғы 06:30 шамасында болып, бейнекамераға жазылып қалған. Құлаған акт залының төбе жабыны шамамен 250 шаршы метр. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеген. Ғимарат 2009 жылы пайдалануға берілген. Мектеп 1400 балаға арналған.
Гүлбану Қызылғұлова, облыстық білім басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы:
Қазіргі таңда арнайы мамандар шақыртылып, тиісті тексеріс пен сараптама жұмыстары басталды. Осы мәселе облыс әкімінің бақылауында тұр. Сонымен қатар, облыс әкімінің бірінші орынбасары Ербол Күреңтайұлымен комиссия құрылып, жұмыстар басталып кетті.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16