Алматыда қоймадағы алапат өрт сөндірілді
Алматыда қоймадан шыққан алапат өрт толықтай сөндірілді. Бүгін таңертең Төтенше жағдайлар департаментіне Жетісу ауданында орналасқан қойманың жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. Өрт сөндіру бөлімдері жоғары дәрежедегі шақырту бойынша 6 минутта оқиға орнына жеткен. Жедел штаб құрылып, үш жауынгерлік бөлімше жасақталған.
Қоймада жанғыш заттардың көптігі мен күннің күрт ысуы қызыл жалынды ауыздықтауға кедергі келтірген. Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр. Қазір Алматыда аптап ыстық, соңғы бір аптада ауа температурасы 37-39 градусты көрсетіп тұр.
Бағдат Шайзада, қалалық ТЖД бастығының бірінші орынбасары:
Өрттің ауданы – 500 шаршы метр. Жалпы қоймаларда боялуар, сонымен қатар әртүрлі тауарлар орналасқан. Жеке құрамнан, басқа адамдардан зардап шеккендер жоқ. Өрт толығымен сөндірілді.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16