Шымкентте «Таза бейсенбі» акциясына 50-ге жуық азамат қатысты
«Қоршаған орта тазалығы - әрбір қала тұрғынына ортақ жауапкершілік». Осындай бастамамен «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы қызметкерлері кезекті рет «Таза бейсенбі» акциясын өткізді. Олар бұл жолы Тұран ауданына қарасты көпқабатты үйдің ауласын қоқыстардан тазартты. Ағаштардың қураған және бей-берекет өскен бұтақтарын кесіп, ойын алаңшаларын ретке келтірді. Саяси ұйым мүшелері «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы басталғалы осымен 50-рет тазалық шарасын ұйымдастырды. Осы аралықта оған 6 мыңдай адам қатысып, 30 тоннадан астам қоқыс жинаған. Тазалық ісіне коммунналдық сала жұмысшылары, ардагерлер, партия өкілдерімен бірге шаһар тұрғындары мен ерікті жастар да белсенді қатысып келеді.
Әсел Әбдірәсілова, студент:
Мен «AMANAT» партиясының белсендісімін. Біз табиғатты қорғауға көмектесіп, қоршаған ортаны таза ұстаймыз. Мен үшін ол үлкен тәжірибе. Осындай ортаның арасында жұмыс істеу - үлкен мәртебе. Біз қоғамға үлгі көрсетеміз. Сондықтан мұндай жұмыстан қалмауға тырысамын.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Былтыр Италияға 185 млн турист келген
12.02.2026, 10:33
Олимпиада 2026: Биатлон мен фристайл-могулдан жарыс өтті
12.02.2026, 10:31
Астанада Alem Tech Fest фестивалі басталды
12.02.2026, 10:29
БҚО-да сталкинг жасаған 2 ер адам сотталды
12.02.2026, 10:26
Шымкентте ағаш құлап, 10 жастағы бала қайтыс болды
12.02.2026, 10:25
Үндістанда шахтадағы жарылыс құрбандарының саны 30-ға жетті
12.02.2026, 10:24
Зеленский сайлау уақытын ақпанда жарияламайтынын мәлімдеді
12.02.2026, 10:22
Түркістан облысында өзен суы шайып кеткен көпір қайта салынады
12.02.2026, 10:19