Павлодарда сақ дәуіріндегі пышақтар табылды
Павлодар өңірінде сақтар дәуіріндегі қола пышақтар табылды. Құнды жәдігерлер Баянауыл ауданына қарасты Торайғыр ауылы маңындағы қорғандарды зерттеу кезінде анықталған. Марғұлан университетінің археологтары мен студенттері бұл аумақта 10 жылдан бері қазба жұмыстарымен айналысады. Мамандар бұл пышақтарды Павлодар өңірінде табылған қола бұйымдардың ішіндегі ең көнесі деп бағалап отыр. Бастысы ерте заманда қазақ жерінде темір балқыту, яғни металлургиялық технологиялар дамығандығына дәлел. Бұдан бөлек археологтар Андронов мәдениетіне жататын ескі қабірлерді тапты.
Елена Тушева, Әлкей Марғұлан университетінің археологиялық қорларының бас сақтаушысы:
Біз қазір қорғалатын аумақтардың көлемін ұлғайтуға міндеттеме қойып отырмыз. Биыл «Торайғыр-6» атты қорым жанынан «Торайғыр-7» деп белгіленген жерде қазба жұмыстарын жүргіздік. Аса құнды жәдігерлер табылып жатыр. Әзірге осы маңдағы 4 қорғанның екіншісінде ғана жұмыс жүргізіліп жатыр.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еліміздің әрбір азаматы «Таза Қазақстанда» жайлы өмір сүруі керек
21.09.2026, 20:42
Табиғатты аялау, қоршаған ортаға қамқор көзбен қарау – ұлтымыздың болмысында бар асыл қасиет
21.09.2026, 20:37
Қызылсуат ауылы табиғи газға қосылды
21.09.2026, 20:20
ШҚО-да таудағы туризм табыс көзіне айналды
21.09.2026, 20:19
Алматы мен Астана әлемнің үздік 300 қаласының қатарына енді
21.09.2026, 20:18
Абай облысында су үнемдеу технологиясын игергендер көбейді
21.09.2026, 20:17
Сырдарияда жаңа көпірдің құрылысы басталды
21.09.2026, 20:17
Елде су үнемдеу технологиялары қолданылатын алқап 700 мың гектардан асты
21.09.2026, 20:13