Су ресурстарын тиімді пайдалану қатаң бақыланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Су ресурстарын тиімді пайдалану қатаң бақыланады

17.07.2025

Ылғалды көп қажет ететін дақылдарды рұқсатсыз егуге жол берген лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Вегетациялық кезең бойынша жиын өткізген Премьер-министр Олжас Бектенов қолда бар су ресурстарын тиімді пайдалануды қатаң бақылауға алуды тапсырды. Түркістан облысы әкімдігіне халықты үздіксіз сумен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау міндеті жүктелді.

Бұдан бөлек Премьер-министр су тәуекелдерінің алдын алу мәселесіне назар аударды. Құзырлы министрліктің мәліметінше, қазіргі уақытта су қоймаларындағы су көлемі - 19,2 млрд текше метр. Суармалы су көлемінің 98 пайызын оңтүстіктегі бес өңір: Жетісу, Алматы, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстары пайдаланады. Бұл аймақтарда 1,2 млн га жер суарылады.

Дархан Әбдіуахит


Хабарламаларға жазылу