Ұлттық музейде «Үшқоңыр» атты көрме ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлттық музейде «Үшқоңыр» атты көрме ашылды

13.08.2018

Ерекшелігі сол, тақырып тікелей Мемлекет басшысына арналған. Яғни, Елбасының балалық шағы өткен Үшқоңырдағы естеліктері. Көрмеге 7 суретшінің 20 шақты туындысы қойылған. Шарт бойынша шеберлер Президенттің балалық шағы туралы айтқан әңгімелерінен үзінді алып, соны суреттеп, қағаз бетіне түсіру керек болған. Нәтижесінде, «Мектепке жол», «Алма терімі», «Жайлау», «Кездесу», «Гүлденген бақ», «Шыңдарды бағындыру» секілді ерекше туындылар өмірге келді. Мәселен, Президент өз кітабында «Мектепке бар деп әкем оятатын. Аяғымда пима. Қалың қар. Ал, мектеп бірнеше шақырым жерде орналасқан. Сол кезді еске алғанда әркез толқимын және маған үнемі қолдау береді», дейді. Суретші осы жазбаның ізімен, аппақ қардың үстімен келе жатқан кішкентай баланы бейнелеген. Елбасының жүрекжарды тебіреністері мен сол естеліктерді суреттеген туындылар жинақталып, «Үшқоңыр» атты кітап болып шықты.     

Жеңісбек Әбдіраман, суретші:

- Президент «бала күнімде тауықтарға, қозы-лақтарға шөп жұлып әкелетінмін. Соны әжем байқап қалып, ұстаға барып, ораққа тапсырыс беріп, осы орақты жасатып берген», дейді. Сол сөздің негізінде осындай шығарма пайда болды. Оның атын «Әже» деп атадым.  

 

Сәуле АЛДАМҰРАТҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу