Алмагүл Батталиева – «Славян базары» халықаралық байқауының гран-при иегері
Қазақстандық жас талант Алмагүл Батталиева, Беларусь елінде жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Славян базары» байқауында Гран-приді жеңіп алды.
Қазақстан намысын қорғаған Алмагүл – Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әншісі. Финалдық кезеңде орындаған «Вечность» композициясы арқылы ол талғампаз тыңдарманның да, қазылар алқасының да ыстық ықыласына бөленді. Екі күндік байқау нәтижесінде 137 ұпай жинап, үздік атанды. Алмагүл Батталиева – Алматы қаласында туған, бала кезден әнге құштар болған. Көптеген аспапты жетік меңгерген. Талантты әнші бірнеше халықаралық байқауда бақ сынап, өзінің кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шахмат үздіктері 20 номинация бойынша марапатталды
13.05.2026, 13:24
Астанада робототехникадан халықаралық чемпионат өтіп жатыр
13.05.2026, 13:21
Жетісу облысына 2 миллиондай турист келеді
13.05.2026, 13:18
Үржар әуежайы жаңғыртылады
13.05.2026, 13:15
Премьер-министр БҰҰ Бас хатшысының орынбасарымен кездесті
13.05.2026, 13:12
Атырау облысындағы атышулы қылмыс 15 томнан тұрады
13.05.2026, 13:09
Алаяқтардың ЖИ-мен жасаған аудиожазбасын әшкерелеуге болады
13.05.2026, 13:06
Әйелдердің саяси белсенділігін арттыратын тренинг басталды
13.05.2026, 13:03