Оралда құмар ойын ойнаған 16 шенеунік жұмыстан шығарылды
Оралда құмар ойын ойнаған 16 шенеунік жұмыстан шығарылды. Қалалық прокуратура шаһар әкімдігінің, мемлекеттік кірістер және қалалық полиция басқармаларының кейбір лауазымды тұлғалары букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысқанын анықтады. 24 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылып, оның 16-сы қызметінен кетті. Еске салайық, Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы берген тапсырмаға сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді. 2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметшілердің, оның ішінде онлайн форматта, құмар ойындары мен бәс тігуге қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу болып саналады.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16