Маңғыстауда 90 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды
Маңғыстауда 90 мың гектардан аса жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде жер учаскелерін заңсыз беру, жағалауды өз бетінше иелену және жерді нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланбау деректері анықталған. Мысалы, Ақтауда теңіз жағалауында рұқсатсыз иемденген 9 жер учаскесі кері қайтарылды. Сонымен қатар, мал шаруашылығына алынып, бірақ іс жүзінде пайдаланылмаған 83 мың гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Жалпы құны 1,1 млрд теңгені құрайтын жер учаскелері қайтарылды.
Мағжан Бегендік, облыстық Прокуратураның үшінші басқармасының аға прокуроры:
Қалалық әкімдікпен заңды тұлғаға игерілмеген жер учаскесіне теңіз жағалауынан қосымша 0,5 га жер табысталғанын анықтадық. Сот шешімімен бұл жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұдан бөлек, Ақтау қаласы аумағында мемлекет меншігіндегі 9 жер учаскесін өз бетінше иелену фактілері анықталды. Бұлардың барлығына 2 млн теңгеден астам айыппұл салынды.
Аягөз Оралбайқызы
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шымкентте биыл мыңнан астам отбасыға үй беру жоспарланған
18.09.2026, 20:13
Ақмола астығы Еуропа нарығына шықты
18.09.2026, 20:11
Almaty Superski жобасы өңірдің экономикасы мен туризмін дамытуға серпін береді
18.09.2026, 20:11
Абай облысында ЖИ-ді қолдану жиіледі
18.09.2026, 20:06
Президент елшілерден сенім грамоталарын қабылдады
18.09.2026, 20:05
ЕуроОдақ балаларды әлеуметтік желіден қорғамақ
18.09.2026, 20:04
Алматыда қала күні қарсаңында мың отбасы баспаналы болды
18.09.2026, 20:04
Елде ЖРВИ жұқтыру 1,8 есе азайды
18.09.2026, 20:03