Елдегі тауарлар мен қызметтердің сапасы артқан
Елімізде экономиканың әртүрлі саласында 9 мыңнан астам ұлттық стандарт қолданылады. Ұлттық стандарт – елдегі өнімдер мен қызметтерге қойылатын ортақ талап. Жалпы елдегі өнімдерді стандарттау жүйесі 68%-дан асқан. «Бұл тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігі едәуір жақсарғанын білдіреді», - дейді Сауда және интеграция министрлігінің өкілі. Қанат Қабылбековтың айтуынша, Қазақстан Халықаралық стандарттау ұйымының белсенді мүшесі ретінде қала бермек. Сонымен қатар, биыл стандарттарды жоспарлау тәсілдері қайта қаралып, жаңа бағыттар қолданылатынын айтады.
Қанат Қабылбеков, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары:
2025 жылға арналған ұлттық стандарттау шеңберінде ЖИ, төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік, мүгедектерге арналған білім беру қызметтері, сауда қызметтері және тағы басқа бағыттар бойынша 62 стандарт әзірлеу жоспарланған. ҚР-ның ұлттық стандарттау жүйесі жаңа экономикалық сын-тешеуріндерге сәйкес белсенді түрде өзгеруде.
Ақниет Балтанова
Автор
Ақниет Балтанова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16