«Ұнайды маған» музыкалық жобасына онлайн іріктеу жалғасуда
«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы қолға алған «Ұнайды маған» музыкалық мегажобасының іріктеу кезеңі онлайн өтіп жатыр. Үлкен сахнада өнер көрсетуді армандайтын талантты әншілер үшін 14 шілдеге дейін мүмкіндік бар. Мегажобаның басты мақсаты – түрлі салада жүрген, ерекше дауысты әншілерді тауып, кәсіби сахнаға жол ашу. «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасының шығармашылық тобынан, музыкалық продюсерлер мен режиссерлерден тұратын комиссия ең үздіктерін іріктеп алады. Ал жүзден жүйрік шыққандарға телевизиялық жобада өнер көрсетуге жолдама беріледі.
Ләззат Биғали, «Ұнайды маған» жобасының бас продюсері:
Жобамызға сан түрлі мамандық иесі қатысып жатыр. Қызығушылық өте жоғары. Жас ерекшеліктері де әрқалай. Жастармен қатар, қарт кісілердің де жобаға қатысқаны, зор ынтасы бізді қуантты. Онлайн іріктеу әлі жалғасуда. Бұл талантты жандарға Ұлттық арнаның ұсынатын керемет мүмкіндігі деп ойлаймын.
Жазира Оразқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
18.05.2026, 13:18
Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек
18.05.2026, 13:15
Атыраудағы атышулы іске қатысты сот басталды
18.05.2026, 13:12
Жетісу облысында шегіртке ошақтары анықталды
18.05.2026, 13:09
Эболаның өршуіне байланысты ДДСҰ халықаралық төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 13:06
Аллергияға қарсы отандық вакцина сыналуда
18.05.2026, 13:03
Халықтың 84%-дан астамы ел дамуының бағытын қолдайды
18.05.2026, 13:00
Бүгін – Халықаралық музей күні
18.05.2026, 10:33