Туристік аймақтарға дабыл түймелері қойылады
Қарағанды облысында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 27 SOS батырмасы жұмыс істеп тұр. Тұрғындардың полициямен жедел байланысқа шығуына мүмкіндік беретін дабыл түймелері ірі қалалардың негізгі көшелеріне қойылған. Құрылғы арқылы бірден Полиция департаментінің жедел басқару орталығымен аудио және бейне байланыс қосылады. Ал алдағы уақытта 30 жуық SOS батырмасы Балқаш, Қарақаралы секілді демалыс аймақтарында орнатылмақ. Онымен қоса тұрғындар 102 мобильдік қосымшасын да жиі пайдаланатын көрінеді. Жыл басынан бері қосымша арқылы мыңнан аса хабарлама келіп түскен.
Гүлнұр Қайырбекова, облыстық ПД Ақпараттық және байланыс басқармасының инспекторы
Осы құрылғыны басу арқылы оның қай жерде орналасқанын дәл әрі жылдам қабылдай алады. Және бейнебақылау камералары арқылы түрін көріп, ести алады. Сол арқылы құқық бұзушылықты тез анықтайды.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Кабулде 400 адам Пәкістан шабуылынан қаза тапты
17.03.2026, 13:21
Ертіс өзенінде майлы дақтар пайда болған
17.03.2026, 13:15
Павлодар өңірінде 58 елді мекенді су басу қаупі бар
17.03.2026, 13:12
«Наурыз» бағдарламасына өтінім біраз уақыт қабылданбайды
17.03.2026, 13:09
Астанада 3 мың оқушы бір уақытта асық ойнады
17.03.2026, 13:06
1500 оқушы бір мезетте бес асық ойнап, рекорд жасамақ
17.03.2026, 13:03
Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды
17.03.2026, 13:00
Паралимпиада чемпионы Ербол Хамитовке елордадан екі бөлмелі пәтер сыйға берілді
17.03.2026, 10:30