Шомылу маусымы басталғалы Қапшағайда 6 адам суға кетті
Қапшағайда суға кету деректері азаяр емес. Шомылу маусымы басталғалы мұнда 6 адам суға кеткен. Олардың екеуі кәмелет жасына толмаған. Бүгінде қайғылы жағдайдың алдын алып, қауіпсіздікті күшейту мақсатында жағажайларда бейнебақылау жүйелері орнатылып жатыр. Жасанды интеллект арқылы басқарылатын камералар - облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел әрекет ету желісіне тікелей қосылған. Алайда, жеке демалыс аймақтарының иелері қауіпсіздік шараларына атүсті қарауда. Кәсіпкерлер әлі күнге бейнекамера орнатпаған. Құтқарушылар да тапшы.
Жеңіс Төребеков, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы:
«Алтын алма» жағажайында орын алған жағдай бойынша, бүгінде Қонаев қалалық полиция басқармасы тарапынан қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қала әкімдігі тарапынан жұмыс тобы құрылып, мониторинг жұмыстарын жүргізуді бастады. Бесінші, алтыншы жағажайға қала әкімдігі тарапынан камералар орнатылды.
Динара Үсенова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16