Президент Астанадағы үшінші ЖЭО-ның қызметімен танысты
Президент Астанадағы үшінші жылу электр орталығының қызметімен танысты. Бүгінде бұл орталықтың алғашқы кезегін пайдалануға беру арқылы шаһарды жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған. Биыл «Тұран» стансасының екінші кезегін толығымен аяқтау, сондай-ақ «Телман» стансасы мен екінші орталықты кеңейту көзделіп отыр. Бұл жобаларды толықтай жүзеге асыру 2035 жылға дейін жоспарланған. Қазір үшінші орталықтың алғашқы кезегін қосымша отын қорымен қамтамасыз ету жұмыстары жүріп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаевқа орталықтың екінші кезегі аясында бу-газ қондырғысын орнату жоспары көрсетілді. Орталық табиғи газбен жұмыс істегенде сағатына 440 Гкал өндіруге қауқарлы болмақ. Бұл жылу энергиясы шаһардың оңтүстік-батыс бөлігін қамти алады.
Амангелді Сейітхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президентін қабылдады
09.02.2026, 20:04
Президент Sunwah group корпорациясының төрағасын қабылдады
09.02.2026, 20:02
Өзбекстан қазақтары: «Ақындар – асыл мұрамыз»
09.02.2026, 17:39
Қысқы Олимпиада: Бүгін қазақстандықтар екі спорт түрінен жарысады
09.02.2026, 17:38
Үлгілі ауылындағы үлгілі әже жертөлесін музейге айналдырған
09.02.2026, 17:37
Түркістанда этнос өкілдері Мұқағалидың өлеңдерін жатқа айтты
09.02.2026, 17:34
Алтынемелде аң көбейіп келеді
09.02.2026, 17:32
БҚО-да алпыс жылқы арам өлді
09.02.2026, 17:30