Қостанайда арнайы орталық қызметкері жұмыстан шығарылды
Қостанайда арнайы орталық қызметкері жұмыстан қуылды. Естеріңізге салсақ, осыдан бірнеше күн бұрын аутизм диагнозы бар 9 жасар баланың қолы сынып, ауруханаға түскен еді. Бейнебақылау камерасына санитар маманның оны жұлқып палатадан шығарғаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Сондай-ақ екінші қызметкерге тәртіптік жаза тағайындалды.
Аталмыш дерек бойынша полиция іс қозғады. Бұл арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығындағы осымен екінші жағдай. Бұған дейін 17 жастағы жасөспірімді мекеме қызметкері үтік басып, күйдірген еді.
Әлия Мекебаева, Қостанай облысы әкімдігінің Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары:
Біз бірден комиссия құрып, қызметтік тексеріс жүргіздік. Жазбада баланың қолын нақты қызметкердің сындырғаны көрінбейді. Себебі жағдай санитарлық бөлмеде болған. Полиция істің мән-жайын анықтап жатыр. Орталықта 137 бейнебақылау камерасы бар. Олардың барлығы Полиция департаментінің жедел басқару орталығына тікелей қосылған.
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан тарихының алтыншы томы бекітілді
18.05.2026, 13:18
Қазақстан мен Татарстанның мәдени байланысы беки түспек
18.05.2026, 13:15
Атыраудағы атышулы іске қатысты сот басталды
18.05.2026, 13:12
Жетісу облысында шегіртке ошақтары анықталды
18.05.2026, 13:09
Эболаның өршуіне байланысты ДДСҰ халықаралық төтенше жағдай жариялады
18.05.2026, 13:06
Аллергияға қарсы отандық вакцина сыналуда
18.05.2026, 13:03
Халықтың 84%-дан астамы ел дамуының бағытын қолдайды
18.05.2026, 13:00
Бүгін – Халықаралық музей күні
18.05.2026, 10:33