АҚШ енгізген 25 пайыз баж салығының Қазақстанға әсері қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ енгізген 25 пайыз баж салығының Қазақстанға әсері қандай?

08.07.2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан тауарларына енгізген 25% баж салығы еліміздің экономикасына айтарлықтай әсер етпейді. Экономистер осылай дейді. Өйткені АҚШ-қа экспортталатын негізгі тауарлар - мұнай, уран, күміс және ферроқорытпалар - бұл тарифтен босатылған. Демек, баж салығы Қазақстан экспортының 5%-ына, яғни 100 млн долларға ғана әсер етеді. Десе де, екі ел арасындағы сауда-саттық төмендеуі мүмкін.

Ерлан Кәрімов, экономист:

Ол Қазақстан экономикасына кері әсер етеді деп айта алмаймын. Керісінше бұл Американың өзіне қайшы келеді. Өйткені Қазақстанның шекарасын қарайтын болсақ, бір жағынан Ресей, екінші жағынан Қытай – Қазақстанның ең негізгі сауда серіктестері. Яғни осы елдердің Қазақстанға ықпалы өседі деген сөз.

Ал Қазақстанның сауда министрлігі екіжақты келіссөздер жүргізуге мүдделі екенін хабарлады. Қазақстандық тауарларға болжамды сауда режимін сақтау мақсатында ел Үкіметі АҚШ әкімшілігіне нақты ұсыныстар жолдады. «Қазір АҚШ тарапы ұсыныстарды қарастырып жатыр, алда келіссөздер өткізу күні белгіленеді», - делінген ресми мәлімдемеде.

Ақниет Балтанова


Хабарламаларға жазылу